25 ақпан 2022 жылы № 61 «Инновационные направления в современном кулинарном искусстве» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақ 3 курс Тех-32, Тех- 33, Тех 34 топтарының студенттеріне өткізілді.
Сабаққа 10 студент қатысты.
Сабақтың мақсаты: - студенттерге молекулярлық гастрономия үшін ингредиенттерді таңдауды үйрету, аспаздық өнердегі «Тағамдық жұптастыру» инновациялық бағытымен таныстыру.Сабақта мынадай әдістер қолданылды: АКТ; қолданылатын технологиялар – сыни тұрғыдан ойлауды дамыту; түсіндірмелі-иллюстративті, сөздік, демонстративті; CLIL әдісі.
Сабаққа ҚарУ Қазтұтынуодағы, бизнес және құқық колледжінің келесі оқытушылары қатысты:
Дюсембекова А.М. - технологиялық пәндер П(Ц)К – сы
Комарзина Н.Б.- туризм және бизнес П(Ц)К – сы
Яковенко В.П.- технологиялық пәндер П(Ц)К – сы
Студенттер өз бетінше ойлаудың жақсы деңгейін, жоғары танымдық белсенділіктерін, материалды меңгеру және пайдалану деңгейін көрсетті.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері толығымен орындалды.