10.06.2022 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжінде жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу бойынша іс-шаралар аясында бітіруші топ студенттері үшін "Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуде "Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" өкілдері жастарға арналған "Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны" жұмысқа орналастыру бағдарламаларының: артықшылықтары, мерзімдері, еңбекақы мөлшері және т.б. туралы ақпараттармен таныстыру жұмысын өткізілді.