21.05.2022 жылы Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасында өткен байқау қазіргі заманғы көше билерін одан әрі дамыту, дарынды орындаушылар мен қоюшыларды анықтау, хореографиялық туындыларды жүзеге асырудың жаңа экспрессивті құралдарын іздеу мақсатында өткізілді. "Dance City" байқауының ережесіне сәйкес шығармашылық ұжымдар қатысты. Байқауға "Dance Lady: Сизых Татьяна, Никифорова Ангелина, Гинц Амина, Сейбекова Аружан, Мирсалиева Аниса қатысты. Команда тамаша орындаушылықты, үйлесімділікті көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша біздің команда сертификатпен марапатталды.
Байқауға қатысушыларға дайындықтары үшін, шеберлігі үшін, шығармашылыққа деген махаббаты үшін алғысымызды білдіреміз!