«Саналы ұрпақ» клубының жетекшісі Жумашева А.Б. және клубтың белсенділері Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің оқу телевидениясы орталығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: қылмыстық жауапкершілікті күшейту ме, әлде құқықтық мәдениетті арттыру ма?» атты дебатты өткізді. Дебатты екі команда ойнады: Үкімет және Оппозиция. Үкімет командасының құрамында П – 32 тобының студенттері Арсаев Анди және Федорова Лада болса, Оппозиция командасының құрамында – Бринцклейн Ристар және Герасимов Павел болды. Дебат ойыны барысында студенттер 2022 жылдың 16 наурызында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін Елбасы Қ.К. Тоқаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Аталмыш шараның басты мақсаты - студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді.
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!
Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында!