2022 жылдың 26 ақпанында оқытушы Б.Р. Айткалиева П-34 тобында «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша «Алдын ала тергеу сатысындағы тергеу әрекеттері» атты тақырыбында ашық сабақ өткізді. Студенттерге қиын жағдай қойылды, командамен жұмыс істеу, бейнематериал сюжетінің фрагменттері бойынша талдау жүргізу тактикасын әзірлеу. Студенттер ситуациялық тапсырмалар бойынша сұрақтарға сауатты жауап берді, іс жүргізу құжаттарының нысандарын толтырды, белгілі оқиғаларға қатысты өз ұстанымдарын жасады. Сабақта кейс әдіс-жағдаяттарды талдау, сөздік, иллюстрациялық, CLIL әдістемесі қолданылды.