2022 жылдың 25 ақпанында оқытушы Курманбекова Гульзат Сейтпеновна «1С:Бухгалтерия бағдарламасы бойынша бухгалтерлік есепті автоматтандыру» пәні бойынша ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, «Қызметкерлерге ағымдағы еңбекақыны есептеу» тақырыбына ашық сабақ өткізді.
Сабақ мақсаты: Студенттерге еңбекақыны есептеу жолдарын 1С:Бухгалтерия бағдарламасында көрсету, ұсталынатын ұсталымдарды үйрету. Білім деңгейін кеңейту аясында Латын әліппиін қолданып, үш тілдікті дұрыс қолдана білу. 1С:Бухгалтерия бағдарламасында жұмыс істеу кезінде студенттердің тәжірибелік дағдыларын бекіту.