2022 жылдың 24 ақпанында Қарағанды қаласының №2 Оқушылар сарайында облыстық білім басқармасының басшысы Г.Ш. Қожахметова "Profi center"атты жобасын ұсынды. Ол жоғары оқу орындарымен және колледждермен бірге жүзеге асырылады, осы жобаға сарайдың бүкіл жертөле қабаты бөлінген. Бұл аймақ жоғары сынып оқушыларына арналған: мұнда оқытушылармен, психологтармен, танымал адамдармен еркін қарым-қатынас атмосферасы құрылады.
Директордың әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Оспанова Г.С. және арнайы пәндер оқытушысы Николаева К. А. "Profi center"ашылуына қатысты.