Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша 2022 жылғы 10-маусымда Экономика, бизнес және құқық колледжінде студенттер тәжірибе қорытындылары бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қарағанды облыстық адвокаттар алқасының адвокаты С.В. Дьякова, "Құқықтану" мамандығының оқытушылары мен студенттері қатысты. Cтуденттер тарапынан тәжірибе қорытындылары туралы баяндамалармен, презентациялар жасалды. Студенттер тәжірибеде қалай қабылдағаны, әсерлерімен бөлісті, өндірістен келген тәлімгерлерге жылы сөздер айтты, тәжірибе өту кезінде оларда ерекше проблемалар туындамағанын атап өтті. Кәсіпорындардағы тәжірибе жетекшілері студенттерге оң пікірлерін танытты.