Экономика, бизнес және құқық колледжінде Студенттіке қабылдау іс-шарасы өтті, ол әрбір студенттің өміріндегі ең жарқын және ұмытылмас кезеңнің бастауы, сондықтан әр бірінші курс студенті оны жыл сайын асыға күтеді.
Студенттіке қабылдау бұл бірінші курс студенттерінің өміріндегі жарқын эмоция мен ұмытылмас әсерге толы маңызды және қызықты сәт.
Біздің студенттер қатарына қосыла отырып, бірінші курс студенттері қабылдау рәсімінен өтті, өмірдің осы кезеңіндегі басты құжат – студенттік билет пен сынақ кітапшасын алды. Енді олар үлкен және тату отбасының толық қанды мүшелері, бүтіннің біртұтас бір бөлігі – экономика, бизнес және құқық колледжінің студенттері болды.
Өткізілген іс-шарадан студенттер мен қонақтардың алған әсерлері жылы және қуанышқа толы болды. Бұл сәт студенттер үшін жаңа, ересек өмірдің жақсы бастамасы болатыны сөзсіз.