17 наурыз 2022 жылы оқытушы Әбілдина Ақбөпе Сағындығызы П-34 тобында «Азаматтық құқық» пәні бойынша «Азаматтық хал актілері» тақырыбында көрнекілік сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
Неке және отбасы туралы заңнамалар, алименттің сипаттамалары мен субъектілері туралы теориялық білімді жүйелеу, тереңдету және бекіту. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Сабақта қолданылған әдістер: кейс әдісі - жағдайды талдау, ауызша, иллюстративті, ұжымдық оқыту әдісі, ойлауды дамыту, CLIL әдісі.
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері толығымен орындалды.