14 - наурыз 2022 жылы № 65: «Тамақтандыру кәсіпорындарын табысты экономикалық дамуы үшін бизнес-жоспар жасау» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Сабақ 4 курс, Тех-41қ тобының студенттеріне өткізілді.
Сабаққа 8 студент қатысты.
Сабақ мақсаты бизнес жоспарлау және бизнес-жоспардың құрылымымен таныстыру, меңгеру болды. Оқыту әдістері: Сөздік, көрнекілік, тәжірибелік (оқу материалы бойынша).
Студенттер сабаққа белсенді қатысты, сұрақтарға жауап беріп, үй тапсырмасы бойынша презентацияларын қорғады. Соңғы қорытынды сабақ болғандақтын, алдыңғы тақырыптардың барлығы қамтылды.
Сабаққа ҚарУ Қазтұтынуодағы, бизнес және құқық колледжінің келесі оқытушылары қатысты:
Дюсембекова А.М. - технологиялық пәндер П(Ц)К – сы
Абильдинова М.К.- информатика және бағдарламалау П(Ц)К – сы
Усенбаева Г.А.- технологиялық пәндер П(Ц)К – сы
Балтабаева Н.К. - информатика және бағдарламалау П(Ц)К –сы
Студенттер өз бетінше ойлаудың жақсы деңгейін, жоғары танымдық белсенділіктерін, материалды меңгеру және пайдалану деңгейін көрсетті.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері толығымен орындалды.