26.02.2022 құқықтық пәндер циклдік комиссиясының оқытушысы Жумашева А.Б., 1 курс студенттерінің арасында «Адам мен азаматтың құқықтары: сұрақтар және жауаптар» атты дөңгелек үстел өткізді.
Бұл шараның мақсаты: адам құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру. Әрбір жеке азаматтың өз құқығын білуге тәрбиелеу. Демократиялық көз-қарас қалыптастыру.
Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Адамның өмірі, бас бостандығы, қадір-қасиеті - ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы. Сондықтан Конституция және басқа заңдар азаматтардың бас бостандығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Егер өзінің өміріне, денсаулығына қадір- қасиетіне қауіп төнетін жағдай болса, әрбір адам мемлекеттік органдарын қорғаныс іздеуге, заң боынша көмек сұрауға құқылы.