Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушысы Бондарева Нина Александровна Шахтинск қаласының №3, №6 білім беру мектептерінің және №1 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті. Кездесудің мақсаты-оқушыларға кәсіптік бағдар беру және мамандық таңдауда көмек көрсету бойынша әңгімелесулер өткізу.
Бүгінде оқушылар мен жастарды кәсіптік бағдарлау – тек педагогикалық қана емес, сонымен қатар қоғамдық мәселе. Көбінесе мектеп оқушылары мамандықтардың күрделі әлемі туралы аз біледі және олардың таңдауы негізсіз, жеткіліксіз және кездейсоқ болуы мүмкін.
Оқушылар қазіргі және болашақ мамандықтар туралы біліп, Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттіліктерінің Атласымен танысты. Мамандарға қойылатын талаптар туралы білді.