2021 жылдың 04 мамырында өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Т.З.Сагиева МН-11 қ. тобында “Үлкен өмірге жол” тақырыбында көрсеткіштік сабақ өткізді. Сабақта оқытушы “жағымды көңіл күй”, дәйексөз, “Мұғалім сыйы”, шығармашылық жұмыс, топпен ән айту сияқты әдістерді қолданып, студенттерге ізгі мақсаттарға адал еңбекпен жетуге, дұрыс әрекет етуге, білімді игеруге, надандық, еріншектік пен зұлымдықтан сақ болуға шақырды. Сабақ негізінен студенттер бойында жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
Студенттер Ник Вуйчич туралы видероликті үлкен сезіммен көріп, өмірде кездесетін қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге болатынына көздері жетті. Өмірден алынған әңгімелерді талдауға студенттер белсене қатысып, өз ойларын ашық айтты.